Нұржан Ермұханов

Құрметті достар🤗, сізге бір керемет адамды таныстыруға қуаныштымыз. Оның есімі-Нұржан Ермұханов. Ол Атырау облысы әкелер кеңесінің төрағасы және Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы болып табылады. Нұржан-жас ұрпақ үшін үлгі және еліміздің нағыз патриоты🇰🇿. Қоғамдық қызметпен айналысады және көптеген қайырымдылық акцияларына🙌 қатысады. Айта кету керек, пандемия кезінде Нұржан Ермұханов Атыраулық «Рауан» қоғамдық қорымен бірлесіп облыстық, жұқпалы аурулар және 7 аудандық ауруханаларға жалпы сомасы 17 млн теңгеге 100 дана оттегі концентратын табыс етті.

Сонымен қатар, Нұржан «ЕЛСАНА» клубының төрағасы болып табылады, оның негізгі мақсаты — «Рухани жаңғыру»аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған үлкен кештер, дөңгелек үстелдер және басқа да ауқымды іс-шаралар өткізу.

Сондай-ақ, Нұржан Ермұханов өз балаларын лайықты тәрбиелейтін және саналы әке болу идеясын белсенді түрде жүзеге асыратын үлгілі отбасы және тамаша әке👍. Өзінің белсенді қызметіне қарамастан, ол отбасымен бірге болуға уақыт табады, ол ұлдарына нағыз ер адам қандай болуы керек екенін өз мысалында көрсетеді.

Біз Нұржан Ермұхановқа зор денсаулық және барлық жоспарлардың сәтті жүзеге асырылуын тілейміз. Ал өскелең ұрпаққа үлгі алып, осындай адамдарға тең болуға кеңес береміз👍.

#enbaqyttyel #қазақстанәкелері #елмақтанышы

#нуржанермуханов #әкелердіңүкі