ӘКЕЛЕР ҚОҒАМДАСТЫҒЫ

Балалық шақтан бастап бізге мықты болуға, қыздарды ренжітпеуге және әлсіздерді қорғауға үйретеді. Біз қамқор күйеу, сүйікті аға, тәрбиелі ұл және жауапты маман сияқты әртүрлі рөлдерді атқарамыз.
 
Бірақ бізді өз ұл балаларымызға лайықты әке болуға немесе кішкентай қыздарға үздік әке болуға кім үйретеді?
 
Материалдық игіліктерді табуға ұмтылу барысында біз басты нәрсені – ата-ана болу бақыты туралы кейде ұмытып кетеміз. Біздің Саналы Әкелер Қоғамдастығы балаларға ғана емес, жалпы әкелікке деген мүлдем жаңа көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі.
Play Video

Сіз балаңызбен сенімді қарым-қатынас орнатып, ол үшін жақсы бола аласыз.

Саналы Әкелер Қоғамдастығы жаңа достық қарым-қатынасты орнатуға, бала тәрбиесіндегі үздік тәжірибелермен алмасуға болатын пікірлес адамдарды
табуға көмектеседі.
 
Біз бірге жаңа бағдар боламыз және саналы әкелікке дұрыс жолды көрсетеміз!
 
Біз отбасылық құндылықтарды нығайтамыз және ер адам өз балалары мен әйелін қалай бақытты ете алатындығы туралы айтамыз.
Қоғамдастықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ мемлекеттік гранты аясында «Әкелік институтын қолдау және дамыту бойынша іс-шаралар кешені» әлеуметтік жобасының қатысушылары және «EN BAQYTTY EL» қоғамдық қорының өкілдері құрды.
 
СӘҚ негізгі құндылығы – отбасы институтына бағытталған жобаларды қолдау, әкелік маңызды өмірлік жоба болып саналатын жаңа тренд құру.

Әлеуметтік жоба әкелердің заманауи қоғамдағы рөлін арттыруға көмектеседі және әкелік институтын дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлейді. Біз Сіз сияқты қарапайым ер адамдар екенімізді айтқымыз келеді. Айырмашылығы - Біздің тек 24/7 жұмыс істейтін әкелер ғана бола қоймай, анағұрлым жақсы болуға ұмтылатынымызда, біз өз балаларымызға үлгі болуды қалайтынымызда. Жігерлендіру, қасында болу, қуаныш пен қиындықтардан бірге өту. Қартайған шағымызда біз әкелік - бұл біздің басымыздан кешкен ең жақсы нәрсе екенін түсіну үшін.

СЕРІКТЕСТЕР