«БІР ӘКЕНІҢ ТӘРБИЕСІН ЖҮЗ МЕКТЕП ТЕ БЕРЕ АЛМАЙДЫ»

Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстықтың алдын алу жөніндегі» (04/02/2020 1КО) бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, 29 ақпан күні, Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде ерекше форматта ер бала тәрбиесінде әкелер мен бапкерлермен бірлесе жұмыс жасау арқылы жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу
мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Күн тәртібінде діни экстремизм мен терроризмнің, құқықбұзушылықтың алдын алу , бала тәрбиесінде Әкенің алар орны, мектеппен ата-ана арасындағы байланыс сияқты қоғамдағы ең өткір мәселелер қозғалды.
Ұйымдастырылған шараға, Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан А.С Жасақбаева қатысып, «…Әр отбасы-жеке мемлекет, бесік пен әлемді қатар тербетіп отырған әйел-ананың орны ерекше болса, әркез әкенің орны бір саты жоғары тұратындығын, өйткені, бір әкенің берген тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайтын қағида бар екендігін айтты.
Сөзіне дәлел ретінде ардақты әкеден тағылым алған бала бұзақылық, жөнсіздікке көп жол бере бермейтіндігі туралы нақтылап
кәмелетке толмаған балалардың қылмысын болдырмау аса маңызды қадам екенін жеткізді.
Қазақта Хакім Абай, дана Абайдай дара тұлғаның әр шығармасында тұнған тәрбие жатырғаны белгілі. Адамдықтың парызын перзентінің көкірегіне құйып тәрбиелеу қажет екендігі турасында «Бала Абай әкесімен» атты шағын көрініс қойылды. Әкеге арналған өлең жолдары мен ән де шырқалды.

Күрделі тақырып аясындағы кездесу ерекше форматта өткізілді. Тақырыпқа сай біраз мәселелер көтерілді. Шара қорытындысында ,
Мектеп директоры Г.У Ташенбаев
«…Қазақ халық даналығында «Әке көрген оқ жонар…» дейді. Мұның астарында отбасы тірегінің тәлімін алған бала ұлтжанды, ер жігітке тән қасиеттерді бойына жинайды деген ұғым жатыр. Сондықтан бала өмірінде әкеге қарап өскен ұлдың ұлтқа жанашыр болатыны сөзсіз. Оның тәрбиесін көрген қыз да арына дақ түсірмейді. Бұл ардақты, асқар тау әкенің тәрбиесіне ештеңе жетпейді деген сөз.